Әлем кубогында топ жарды
Бұл күндері Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогы өтіп жатыр. Халықаралық турнирге қатысып жатқан қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.
Әлемдік доданың бірінші жарыс күнінде өнер көрсеткен жерлесіміз Нариман Курбанов спорттық ат снаряды бойынша қарсыластарынан қара үзіп, Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар еркін жаттығу бойынша сайысқа түскен Ілияс Азизов алтын жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрініп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Милад Карими финалда 3 санат бойынша бақ сынайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таңдау жамбылдық 19 мұғалімге түсті
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024