Әлем кубогының кезеңі: Әйелдер эстафетасында кімдер бақ сынайтыны белгілі болды
Бірінші жарыс күні әйелдер арасындағы 4x6 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді
14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
ҰОК мәлімдегендей, бірінші жарыс күні әйелдер арасындағы 4x6 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді.
Қазақстан атынан Милана Генева, Полина Егорова, Дарья Климина және Алина Скрипкина жарыс жолына шығады.