Спорт
Ұлттық мектеп лигасының финалында жамбылдық команда топ жарды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 мамыр, 2025
- 811

Астанада өткен Ұлттық мектеп лигасының финалында Жамбыл облысының атынан шыққан Жуалы ауданындағы Құрманбек Сағындықов атындағы №4 мектептің 7–8 сынып оқушылары волейболдан чемпион атанды.
12–19 мамыр аралығында Астана қаласында 7–8 сынып оқушылары арасында волейболдан «Ұлттық мектеп лигасы» өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биылғы Ұлттық мектеп лигасына еліміз бойынша 3,5 миллионнан астам оқушы қатысып, олардың ішінен тек үздік 5000-ы ғана финалға жолдама алды.
Нәтижесінде Жамбыл облысының ұлдар командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, І орынға ие болды. Түркістан облысы ІІ орынға тұрақтаса, Шымкент қаласының командасы ІІІ орынды еншіледі.