Спорт

Ұлттық құрама көкпардан ковбойларды жеңді

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды жеңді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Ұлттық құрама көкпардан америкалықтарды жеңді. Серкені тақымға бөктергендер доданы 12-4 есебімен қорытындылады.

Күні кеше қазақ көкпаршылары Өзбекстанның құрамасын 16-00 есебімен жеңген еді.

Айта кетейік, финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.