дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мас болып шыққан». Ислам Байрамуков қазақ су добының өкілдері Азия ойындарын қалай ұтқанын айтты

«Мас болып шыққан». Ислам Байрамуков қазақ су добының өкілдері Азия ойындарын қалай ұтқанын айтты
фото - ашық дереккөзден
Аталған жарыс 1994 жылы болған

Ислам Байрамуков қазақ су добының өкілдері Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарын мас күйінде ұтқанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спорттағы қызықты оқиға жайлы Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегер болған Ислам Байрамуков сұқбатында айтты. Ол қазіргі Қазақстанның спорттық жағдайы мен бұрынғы көрсеткіштерін салыстырады. Спортшының айтуынша, 1994 жылы су добының өкілдері Азия ойындарын мас күйінде ұтқан. Бұл сөзімен Ислам Байрамуков сол кездегі су спортшыларының өзге елдерге қарағанда едәуір мықты болғанын айғақтап отыр. 

-    1994 жылы Хиросимаға Азия ойындарына бардық. Мен сол кезде біздің су добының өкілдері мас күйінде ұтқанын білемін ғой. Күнделікті бір жерде жатқан соң көреміз. Мен жаңағы айтсам, олар «анау қытай ма, жапон ба» деп менсінбейді олар. Мен мас күйінде ұтқан деп айтам оларды. Сол кездегі Қазақстан құрама командасы. Қазір қайда олар. Қазір батып кете ме деп қорқасың ғой, жүзуді үйрету кеерек қой оларға,- дейді Ислам Байрамуков.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар