Спорт

«Мас болып шыққан». Ислам Байрамуков қазақ су добының өкілдері Азия ойындарын қалай ұтқанын айтты

Аталған жарыс 1994 жылы болған

Ислам Байрамуков қазақ су добының өкілдері Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарын мас күйінде ұтқанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спорттағы қызықты оқиға жайлы Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегер болған Ислам Байрамуков сұқбатында айтты. Ол қазіргі Қазақстанның спорттық жағдайы мен бұрынғы көрсеткіштерін салыстырады. Спортшының айтуынша, 1994 жылы су добының өкілдері Азия ойындарын мас күйінде ұтқан. Бұл сөзімен Ислам Байрамуков сол кездегі су спортшыларының өзге елдерге қарағанда едәуір мықты болғанын айғақтап отыр.