Спорт
Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненконың жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 26 мамыр, 2025
- 770
Атақты америкалық боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін
Бұл жөнінде Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Penalty.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, желтоқсан айында елімізде тарихи турнир ұйымдастырылып, онда Майк Тайсон мен ММА аңызы Фёдор Емельяненконың кездесуі өтуі ықтимал. Қазір осы бағытта нақты келіссөздер жүргізіліп жатыр.
— Біз желтоқсан айында Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Қазір бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған турнирге Тайсонды арнайы қонақ ретінде шақырғымыз келеді, — деді Әлімжан Бектаев елордада өткен баспасөз жиынында.
Егер жоспар жүзеге асса, бұл оқиға Қазақстанда өтетін ең ірі спорттық шаралардың біріне айналуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






