сенбі, 14 ақпан, 2026 15:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттайды

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттайды
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы спортшының мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алуын тарихи маңызы зор жетістік деп атап өтті. Президент атлеттің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігеріне ерекше тоқталып, алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша спорт жанкүйерлері мен ел азаматтары бұл айтулы жетістікті мақтан тұтатынын жеткізді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Жаттықтырушыларға және тиісті министрлікке де атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Президент Олимпиада чемпионына алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

 

 

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар