сенбі, 5 қазан, 2024 21:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мэннидің тағы бір мәрттігі

Мэннидің тағы бір мәрттігі
ашық дереккөзі
Мэннидің тағы бір мәрттігі
Филиппиннің даңқты боксшысы Мэнни Пакьяо мен Ирландияның атышулы аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор келесі жылы рингте күш сынасады.
Жанкүйерлердің дені осындай кездесулерді спорттық сайыс емес, шоу ретінде қарастырады. Яғни жеңіл жолмен ақша табудың амалы. Иә, Макгрегорға дауа жоқ. Ол пайдаға кенелдуді сан алуан түрін жетік меңгерген. Ал тапқан таянғанын үнемі халықпен бөлісіп, үнемі қайырымдылық шаралардың басы-қасында жүретін Пакьяоны осындай қадамға баруға не итермеледі екен? Дәп осы сауал бірер аптадан бері миллиондаған жанкүйердің көкейінде жүрді. Жоғарыдағы сауалдың жауабын күні кеше ғана білдік. Жүрегі жұмсақ, қолы ашық, зерде-парасаты мол даңқты кәсіпқой боксшы бұл жолы да жомарттық танытуды құп көрген екен. Бокс ережесі бойынша өтетін алдағы жекпе-жектен қыруар қаржы түсетінін Мэнни жақсы білгеннен соң келісім берген. Сол қаражаттың басым бөлігін ол коронавирустың зардабын тартқан Филиппин халқының игілігі үшін жұмсауды көздеп отыр.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар