Спорт

Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ визасын ала алмай, титулдық жекпе-жектен айырылуы мүмкін

The final spritzer

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20 жеңіс, 11 нокаут) АҚШ визасын ала алмауына байланысты титулдық жекпе-жекке қатыса алмай қалуы ықтимал.

Бұл туралы "Бірінші Бол" YouTube арнасына берген сұхбатында боксшының өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер ретінде доминикандық Карлос Адамеспен (24 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең) кездесуі тиіс еді. Алайда виза мәселесі бұл жоспарды жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.

Бұл мәселе Нұрсұлтановтың спорттық мансабындағы аса маңызды кезеңде туындап отыр. Егер жекпе-жек өтпесе, ол өзінің титулға басты үміткер мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін.