Спорт

Милад Карими Әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алды

The final spritzer

Финалда Карими 14,133 ұпай жинады

Милад Карими Әлем кубогінде чемпион атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік жарысында спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими алтын медаль иеленді.

Үздік спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарып, жеңімпаз атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал, үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) алды.

Айта кетейік, Милад Карими 28 сәуірде қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.