жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Милан-Кортина-2026: Қысқы Олимпиада ойындарының жаңа медальдары таныстырылды

Милан-Кортина-2026: Қысқы Олимпиада ойындарының жаңа медальдары таныстырылды
Olympic.kz
2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми медальдары ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Салтанатты таныстыру рәсімі Венето аймағының орталығы – Венеция қаласында өтті.

Медальдар ерекше концепциямен жасалған: әр медаль екі жарты бөліктен тұрады. Бұл спортшының кәсіби жолын және сол жолда бірге болған адамдардың қолдауын білдіреді. Дизайн эмоция мен командалық рухты бейнелей отырып, Милан мен Кортина қалаларының символдық бірлігін, сондай-ақ жеңіске жету жолындағы қажырлы еңбекті айшықтайды.

Олимпиадалық және Паралимпиадалық медальдарды біріктіретін – ортақ құндылықтар мен спорттағы биік мақсат. Екі бөліктен тұратын бұл медальдар тек жеңістің емес, сонымен қатар сол жолда қолдау көрсеткен әрбір жанның еңбегіне деген алғыс пен құрмет белгісі.

Милан-Кортина-2026 Қысқы Олимпиадасы 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді. Бұл додада спортшылар 245 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар