Спорт

Нариман Құрбанов Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Шешуші сайыста 14,933 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Нариман Құрбанов Германияда өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Котбус қаласында өткен жарыста ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті. Шешуші сайыста 14,933 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші нәтиже – 14,966 ұпай – армениялық Мамикон Хачатрян еншісінде.

Қазақстандық Зейнолла Идрисов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынмен жарысты аяқтады.