Назым Қызайбай әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Назым Қызайбай әлем чемпионатында украиналық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Боксшы Назым Қызайбай украиналық былғары қолғап шеберін жеңіп, Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлем біріншілігінде 48 келіде өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбай ширек финалда Украина өкілі Ханна Охотаны 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Оның қарсыласы алдағы жекпе-жекте анықталады. Назым финал жолдамасы үшін 13 қыркүйекте жекпе-жек өткізеді.