Қоңқабаев пен Шымбергенов ұлттық құрамаға қайта орала алады ма
- авторБақытжан Бекболат
- 2 шілде, 2025
- 511

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов 1bol.kz сайтына берген сұхбатында Қамшыбек Қоңқабаев пен Асланбек Шымбергеновтің ұлттық құрамаға қайта оралу мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін бірде-бір жарысқа қатыспаған қос боксшының ұлттық құрамаға қайта оралуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы, әлем чемпионы Мерей Ақшалов нақты жауап берді.
«Әзірге екі боксшы да ұлттық құрама сапында жоқ. Былтырғы Олимпиада ойындарынан кейін екеуі де үзіліс алды. Егер шаршы алаңға ораламыз десе, алдағы қараша айында Семейде Қазақстан чемпионаты өтеді. Сонда өз-өздерін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінсе, екеуіне де ұлттық құраманың есігі әрқашан ашық. Сол секілді ұлттық құрамаға қосылғысы келетін өзге боксшыларға да қойылатын талап осы. Бастысы, Қазақстан чемпионатында өздерін дәлелдесін. Біз қуана қарсы аламыз», - деді Ақшалов.