дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олимпиадада күресіп жатқанда Демеу Жадыраевтың 5 жыл күткен перзенті өмірге келген

Олимпиадада күресіп жатқанда Демеу Жадыраевтың 5 жыл күткен перзенті өмірге келген
фото - ашық дереккөзден
Күлипа Сабырбекқызы ең кенжесі Демеудің спортқа қалай келгенін айтып берді

Демеу Жадыравтың анасы көпшілік баласының аты-жөніне таң қалатынын айтады. inbusiness.kz сайты жазғандай, алтын құрсақты ана баласы жайлы тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Біз Жетісу облысы Пан­филов ауданына қа­расты Үшарал ауы­лын­да тұрамыз. Өзім де, жолдасым да осы ауылда туып-өс­тік. Мен – мал­­­­шы­ның қызымын. Жол­­дасым Нұр­­дәу­лет те мал­шы болды. Талай жыл шопыр бо­лып жұ­мыс істеді. 2001 жылы дү­ниеден өтті. Көп­шілік баламның аты-жөніне таңғалып жатса керек. Жа­дыра – арғы атасының есімі. Ұлымның есімін Демеу деп өз атасы қойды. Жақын досының аты Демеу болса керек. Мен төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірдім. Демеу – ең кенжем. Бәрі үйлі-баранды, балалы-шағалы. Төртеуі Алматыда тұрады. Қара шаңырақта Демеудің алдында туған ағасы Нұрбақытпен бірге тұрамын. Демеу әрі-бері жарыстан жарысқа, жиыннан жиынға шапқылап жүреді. Алматыда тұруға тиіс. Балам Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұр­бақыт Теңізбаев екеуі – бір ауылдан түлеп шыққан спорт­шы­лар. Ауылда балалар сыртта ойнап, ақырында спортқа қы­зығады ғой. Сол кезде Демеу де спортқа бейім болып, күресте же­тістікке жеткен үлкендердің суреттерін көріп, армандайтын. Мұ­ны байқаған әкесі оны 3-сынып оқып жүргенде күрес сек­циясына жетектеп апарды. Ең алғашқы бапкері Жұмахан Тұр­ғанбеков Талдықорғанға ертіп барып, ары қарай спортшы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ин­тер­нетте кеше ба­лам жа­рысқа шық­қан­да Жұма­хан­ның кө­зі­не жас алып, тол­қып отыр­ған ви­­део­сы кеңі­­­нен та­рап кетті ғой. Ол ви­део­ны көр­­ген біздің де көңі­ліміз бо­са­ды. Жұма­хан "Тәте, Тал­ды­қор­­­ғанда да­рын­ды балаларға арнал­ған спорт ин­­тернаты ашыл­ға­лы жатыр" деп қыр­күйек­те мектепке барып жүр­ген баламды сұрап алды. Ол кезде Демеу 6-сыныпта оқитын. Сөйтіп, Талғат Баймұқанов, Елдос Қос­бағаров, Демеуді облыс орталығына алып кетті. Онда білім алған соң Алматыға оқуға түссе де, спорт­тан қол үзбеді. Сол кезде Жұмахан білікті бапкер Боран­бек Қоңыратовқа "Жалғыз жүрмесін. Ары қарай сіз жетектеңіз" деп баламды аманаттап, тапсырды. Жұмахан аяқ асты инсульт алып, ауырып қалды. Балам қазір 34 жаста. "Уақытың келді. Күресіңді қой­саңшы. Спорт, спорт деп шаршадың ғой" деп талай айттық. Ол "Шаршамаймын. Қоймаймын. Олимпиадаға дейін жетіп, карьерамды аяқтаймын" деп бой бермей қойды. Бұрын ол "Сіз мен қатысқан жарысқа барсаңыз күрес­пеймін" дейтін. Бірақ алыстан теледидардан көріп, тақымымды қы­сып отырамын. Парижде барлық белдесуін көрдім. Көпшілік екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жеңгенін әлі күн­ге дейін айтып жүр ғой. Мен Ақжол секілді мықтыны ұтқан соң, қалғанын да ұтады деп сендім. Биыл балам үшін сәтті жыл болды. Бәріміз оған "Сенің жылың" деп айтамыз. Бішкекте Олим­пиадаға жолдама ұтып алды. Сол жарысқа барғанда ке­лінім босанып, немерелі болдым. Демеудің бес жыл күткен тұңғышы – Дана қызым өмір есігін ашты. Немеремнің аяғы алтын! Демеудің Париждегі жетістігі – немеремнің несібесі. Асыға күткен немереміз әкесінің жолын оңғарып, жетістікке же­туіне септігін тигізді. Боз кілемде ұлымның өз-өзіне сенімді болғанын байқауға болады. Оның күмісі біз үшін алтынға бергісіз! Финалды үйде қала және ауыл әкімі, Талдықорған, Қапшағай, Алматыдан кел­ген журналистер және туыстармен отырып бірге тама­шаладық. Алматыдағы ұл-қыздарымды да шақырып алдым. Демеудің жары үш айлық баламен үйде отырған соң келе алмады. Адам саны көп болғандықтан, үйде көруге мүмкіндік бол­мады. Сондықтан аулаға теледидар қойып, бәріміз бірге көр­дік. Сонау Кегеннен Нұрбақыт келді. Оның анасы да қасымыздан табылды. Осындай сәтте қуанышымызды бөліскен оларға алғысым шексіз! Жарыс біткен соң Демеу "Анашым, күміс жүлде құтты бол­сын! Бәрі жақсы!" деп хабарласты. Кейін қарасам телеарна журналисіне "Алтын ала алмадым. Бұйырғаны – осы" деп сұх­бат беріпті. Бұл жүлдеге жеткен де бар, жетпеген де бар. Аллаға санс­ыз шүкір. Бұл – елдегі грек-рим күресі тарихында бізге бұйырған тарихи жүлде. Бұйырса, 10-тамызда Алматыға барып күтіп аламыз. Балам Қазақстанның абыройы үшін терін төкті, күшін сарп етті. Айлап үй көрмейтін. Апталап залдан шықпайтын. Екі ай жат­тықса, екі-ақ күн демалып, залға қарай жүгіре жөнелетін. Сол еңбегі ақталды! Балам секілді ел мерейін үстем ететін спорт­шыларымыз көп болсын! Спортта топ жару оңай емес. Мұн­дай қиын жолды таңдап алған балаға үнемі қолдау керек. Сон­дықтан Демеуім секілді елін сүйер азаматтар Қазақстан абы­ройын асқақтата берсін! Қоржынымыз Олимпиада жүл­делеріне молайа түссін! – дейді анасы.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар