Спорт
Оразбек Асылқұлов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 желтоқсан, 2025
- 1.0k
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан ерлер арасындағы бокстан Әлем чемпионаты шешуші кезеңіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) ұйымдастырған дүбірлі додада әлемнің ең үздік былғары қолғап шеберлері жиналып, жүлделерді сарапқа салуда.
Финалдық жекпе-жекте Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Оразбек Асылқұлов қарсыласы, тәжікстандық Хусравхон Рахимофпен жұдырықтасып, айқын жеңіске жетті.
Осылайша Оразбек Асылқұлов Әлем чемпионатының алтын медалін иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір тарихи жүлде салды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 наурыз, 2026
Спорт
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 наурыз, 2026






