Спорт
Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны қысқарады
- авторjambylinfo.kz
- 9 желтоқсан, 2020
- 316
Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны қысқарады
Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ауыр атлетика бағдарламасын қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ХОК-тің спорттық директоры Кит Макконнелл мәлімдеді, деп жазды olympic.kz.
ХОК 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан ауыр атлетиканы алып тастайтынын айтқан болатын. Зілтеміршілердің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетіп, Халықаралық ауыр атлетика федерациясындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері өршіген соң ХОК осындай қадамға барған. Осыдан соң IWF-ті 20 жыл басқарған венгриялық Тамаш Аян қызметінен кетуге мәжбүр болды.Рио Олимпиадасында ауыр атлетика бөлінген квота саны 260 болатын. Токио ойындарында 196-ға азайды. Ал Парижде зілтеміршілерге арналған квота 120 болмақ. Сондай-ақ, Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан жүлдегер жиынтығы азайтылады. Бұрынғыдай 14 емес, 10-ға төмендейді. Ерлер мен әйелдер арасында екі салмақ дәрежесінің алынатынын хабарлаймыз. Бірақ ХОК Париждегі ойындарда ауыр атлетика додасының өту-өтпеуін әлі нақтылаған жоқ, - дейді ХОК спорттық директоры Макконнелл.baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Теңге бағамы нығайды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024