Спорт

Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға атақ берілді

Бұл туралы «Жеңіс» дзюдо клубының баспасөз қызметі мәлімдеді

Дарынды дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова – дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола медаль иегері, Grand Slam турнирінің жеті дүркін жүлдегері, Grand Prix рейтингтік турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол Қазақстан әйелдер құрамасынан Париж Олимпидасында жолдама ұтып алған жалғыз балуан.