дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қандай жып-жылы көрініс»: Демеу Жадыраевтың балажандығы елді сүйсінтті

«Қандай жып-жылы көрініс»: Демеу Жадыраевтың балажандығы елді сүйсінтті
Коллаж: Qaz365.kz
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев баланың тұсауын кесті

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың  баланың тұсауын кесіп жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Демеу Жадыраев Қазақстанның танымал грек-рим күресі шебері Қорлан Жақаншаның ұлының тұсауын кескен екен.

Видео балақайдың анасы Құндыз Төлебаеваның Instagram-дағы жеке парақшасында жарияланған. 

"Салқам Жәңгір-Ханның тұсауын Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Демеу ағасы кесті. Ағасы сонау Парижден арқалап келген жүлдесін таңдады біздің балапан. Алла қаласа әлемді аузына қаратқан, дүбірлі додада ешкімге дес бермес нар тұлғалы азамат болғайсың, құлыным. Әкең чемпион, тұсауыңды чемпион кесті. Жетектеген батыр ағасы Дамир Күзембаев", - деп жазды бөбектің анасы.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев биыл өткен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол 7 тамызда грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде өткен финалдық бәсекеде жапон балуаны Нао Кусакамен күресті. Олимпиада алтынына таласта Жадыраев қарсыласына 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншіледі.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар