Спорт

«Қандай жып-жылы көрініс»: Демеу Жадыраевтың балажандығы елді сүйсінтті

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев баланың тұсауын кесті

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың  баланың тұсауын кесіп жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Демеу Жадыраев Қазақстанның танымал грек-рим күресі шебері Қорлан Жақаншаның ұлының тұсауын кескен екен.

Видео балақайдың анасы Құндыз Төлебаеваның Instagram-дағы жеке парақшасында жарияланған. 

Айта кетейік, Демеу Жадыраев биыл өткен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол 7 тамызда грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде өткен финалдық бәсекеде жапон балуаны Нао Кусакамен күресті. Олимпиада алтынына таласта Жадыраев қарсыласына 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншіледі.