сенбі, 21 наурыз, 2026 12:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Путинцеваны жеңген Рыбакина үшінші айналымға өтті

Путинцеваны жеңген Рыбакина үшінші айналымға өтті
Фото: sports.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Е.Рыбакина екінші айналымда отандасы, әлемнің 75-ракеткасы Юлия Путинцеваға тап келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Путинцева жеңген еді.

Бұл жолы бірінші сетте Рыбакина 3:1 есебімен алға шыққанымен, Путинцева сол бойда қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді — 3:3. Дегенмен бұдан кейін Елена қатарынан үш гейм алды — 6:3.

Екінші сетте есеп 3:3 болғаннан кейін Рыбакина қос брейкке қол жеткізді — 6:3.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 9 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Путинцева 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен таласады.

Қазақстандық теннисші осының алдында М.Костюкті Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс додасында 6:4, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Майами турнирінің жүлде қоры 9 млн 415,725 мың долларға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 1 млн 151,380 мың долларға қоса 1 мың рейтингілік ұпайға ие болады.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар