Спорт

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан құрамасы алғашқы күнде төрт жүлде жеңіп алды

The final spritzer

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін табысты өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ел намысын қорғаған балуандар 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орынға жайғасты.

Жүлдегерлер тізімінде тәжірибелі спортшылармен қатар жас буын өкілдері де бар. 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев, 60 келіде Талғат Орынбасар күміс медаль иеленсе, Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан (екеуі де 60 келіде) қола жүлдені қанжығаларына байлады.

Айта кету керек, Талғат пен Аман үшін бұл — ересектер сапындағы алғашқы әлемдік жарыс әрі алғашқы медаль. Ал Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев татамиге 10 айлық үзілістен кейін қайта оралды.

Турнирдің алғашқы күнінен кейін көш басына Халықаралық дзюдо федерациясы құрамасы (2 алтын, 1 күміс) шықты. Одан кейінгі орындарға Франция (1 алтын) мен Германия (1 алтын) жайғасты.

Айтулы дода 11 мамырға дейін жалғасады. Биылғы жарысқа 44 елден 358 дзюдошы қатысуда.