Рассел Кроу қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға тәнті болды
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2021
- 799
Жаңа Зеландиядан шыққан актер әрі режиссер Рассел Кроу қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға тәнті болды.
Жексенбіде теннисші карантинге байланысты қонақүй бөлмесінде жаттығып жатқанын түсіріп, Twitter желісінде видео жариялады.
Голливуд жұлдызы, "Гладиатор", "Ной", "Игры разума", "Нокдаун", "Мумия" фильмдерінің актері видеоны Twitter желісіндегі аккаунтында бөлісті және "Енді Australian Open-де жаңа сүйікті теннисшім бар" деп жазды.
Путинцеваның жазбасына басқа да теннисшілер пікір қалдырды. Олардың арасында Майк Тайсонның қызы Милан да бар.
Australian Open 2021 Мельбурнда 8 ақпанда басталады. Турнирге Қазақстаннан алты спортшы Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Александр Бублик және Михаил Кукушкин қатысады.
Vesti.kzjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025
Оразбек Асылқұлов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 желтоқсан, 2025






