Спорт

Ризабек Айтмұхан Бішкекте өткен халықаралық турнирде топ жарды

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілдері Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Super 4 Wrestling халықаралық турнирінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта чемпиондық атаққа таласты. Нәтижесінде ол ақтық бәсекеде ресейлік балуан Алихан Кцоевты тізе бүктірді. 

Сонымен қатар 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков те финалға дейін жетті. 

Дегенмен шешуші бәсекеде отандасымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Артур Найфоновқа жол берді. Осылайша күмістен алқа тақты.