Спорт

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жерлесіміз 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Алдарқхишиг Баттулгамен (Моңғолия) өзара мықтыны анықтады.

Санжар Тәшкенбай жекпе-жектің бірінші кезеңінен бастап тізгінді қолына алды. Толық үш раунд бойы басымдығын сақтап қалған жерлесіміз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.