Спорт

«Сапасы нашар».  Олимпиада жүлдегері медальдың сапасына шағымданды

Америкалық скейтбордингтен қола жүлде алған

Биыл Парижде өтіп жатқан Олимпиадада спортшыларға берілетін медальдардың сапасы сынға ұшырады. Америкалық скейтбордшы жеңіп алған қола медалінің бір аптадан кейін бұзылып кеткенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz The Independent басылымына сілтеме жасап.

Скейтбордингтен ерлер жарысында үшінші орын алған Найджа Хьюстон Instagram желісінде жарияланған видеода жеңісінен бірнеше күн өткен соң қола медалінің түсі өзгергенін айтты. Ол медальдың сапасы «сіз ойлағандай жоғары емес» екенін атап өтті. Оның айтуынша, қола тозған.

 

 

Ол камераны медальға жақындатып көрсетті.