Спорт

«Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының иегері атанды

Тараз қаласында 27-28 желтоқсан аралығында футзалдан Қазақстан кубогының финалдық ойыны өтті.

«Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының финалында «Ақтөбе» командасын 5:2 есебімен жеңіп, екінші жыл қатарынан мәртебелі жүлденің иегері атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осылайша, "Семей" футзал клубы Қазақстан кубогы тарихында екі жыл қатарынан жеңіске жеткен төртінші команда болып отыр.

Бұл жеңіс – Семей футзалы үшін ғана емес, өңір спорты үшін тарихи жетістік. Клуб 2023 жылы ғана құрылғанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантып келеді.