Спорт

Шұғыл! Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріне шынайы алғысын білдіріп, үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еске сала кетейік, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күні WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек еді. Бірақ жекпе-жек алдында Жәнібектің допинг-тесті оң нәтиже көрсетіп, сынамасынан мельдоний табылған еді. Осыған байланысты жоспарланған жекпе-жек өтпей қалған болатын.