Софья Актаева Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді
Жартылай финалдық кездесуде ол Қытай өкілі Ху Бейниді 15:8 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Қазақстандық семсерлесуші Софья Актаева БАӘ-нің Фуджейра қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Рапирамен семсерлесу бойынша сынға түскен спортшы финалға дейін сәтті өнер көрсетті. Жартылай финалдық кездесуде ол Қытай өкілі Ху Бейниді 15:8 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Шешуші бәсекеде Актаева Ресей спортшысы Стефания Часовниковамен жолығып, тартысты өткен жекпе-жекте 11:15 есебімен есе жіберді.
Осылайша, қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алып, ел қоржынына күміс жүлде салды.