Спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 қаңтар, 2026
- 238
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін әлем кубогы кезеңінен бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биылғы алғашқы әлем кубогының кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді.
Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:
- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар);
- Милад Карими (керме, еркін жаттығулар);
- Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар);
- Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар);
- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар).
Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.
Бұған дейін, Астанада шахматтан Senat Open турнирінің іріктеу сайыстары өтетінін жаздық.





