26 жастағы қазақ боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) Ұлыбританияның Оңтүстік Крикбиде MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл кездесуде Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақта WBC International чемпионы вакантты белбеуі үшін жеңіліп көрмеген британдық Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.
Бұл жекпе-жек 9 раундқа жоспарланған болатын. Жетінші раундта британдық боксшы нокдаунға түсті. Айқас соңында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (99-89, 99-89, 99-89) Тұрсынбай жеңімпаз ретінде танылды. Алаң төрінде асыр салған жерлесіміз сәл қателік жіберіп, сегізінші раундта рефери қазақстандық боксшының есебінен бір ұпай шегеріп тастады.
Бұл Тұрсынбайдың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі.
Ал қарсыласы Макгоуэн алғаш рет жеңілістің ашты дәмін татты.
https://youtu.be/OtiR1xSAvPM adyrna.kzjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Құлпынай өсіріп, кәсібін құлпыртқан бағбан
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024