Спорт

Тұрсынбай Құлахмет WBC титулын жеңіп алды (Видео)

Тұрсынбай Құлахмет WBC титулын жеңіп алды (Видео)

26 жастағы қазақ боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО)  Ұлыбританияның Оңтүстік Крикбиде MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл кездесуде Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақта WBC International чемпионы вакантты белбеуі үшін жеңіліп көрмеген британдық Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек 9 раундқа жоспарланған болатын. Жетінші раундта британдық боксшы нокдаунға түсті. Айқас соңында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (99-89, 99-89, 99-89)  Тұрсынбай жеңімпаз ретінде танылды.  Алаң төрінде асыр салған жерлесіміз сәл қателік жіберіп, сегізінші раундта рефери қазақстандық боксшының есебінен бір ұпай шегеріп тастады.

Бұл Тұрсынбайдың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі.

Ал қарсыласы Макгоуэн алғаш рет жеңілістің ашты дәмін татты.

https://youtu.be/OtiR1xSAvPM   adyrna.kz