Спорт

«Түсінбей жатырмын». Дзюдошы журналистке қазақша сөйлеуді талап етті

Бақытжан Әбдірахманов орысша сұрақты түсінбейтінін айтты

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде қола жүлде алған Бақытжан Абдурахманов журналистен қазақша сұрақ қоюды сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Турнирдегі кезекті жекпе-жектен соң  Бақытжан Әбдірахманов журналистерге сұқбат беріп тұрғанда тілшілердің бірі оған орыс тілінде: “Ең қиын қарсылысыңыз кім болды?” деп сұрақ қойды.  

 

Дегенмен, өзге журналистер сұрақты мемлекеттік тілге аударып берді. Бұл сауалға жауап бере отырып, ол ресейлік Махмадбек Махмадбековпен күресу қиын болғанын жеткізді.

Аталған жарыста Бақытжан Әбдірахманов үшінші орын үшін таласта ирландық Джошуа Гринды жеңіп қола медаль алды.   

Еске салайық Астана қаласында дзюдодан “Үлкен Дулыға” турнирі осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Жарыс 10-12 мамыр аралығына жоспарланған. 84 мемлекеттен келген 450 спортшы әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.