сейсенбі, 2 шілде, 2024 13:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тағы бір қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Тағы бір қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Кезекті лицензияның иесі Ирина Юнусметова атанды

Бүгін халықаралық нысана көздеу (ISSF) барлық Әлем Кубогының кезеңінен кейін Олимпиадалық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Париж ойындарының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осымен Қазақстан еншісіндегі лицензия саны 67-ге жетті. Ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті.

Бұл еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-шы лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Парижге барар билетке иелік еткен. Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі. Қалғаны федерацияға берілген квота.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар