Таеквондошылар Париж Олимпиадасына тағы бір лицензия ешіледі
Бұл күнідері Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жауапты турнирде ел намысын 58 келіге дейінгі салмақта қорғаған 20 жастағы Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Ол іріктеу сынында Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңсе, жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты.
Осылайша, 20 жастағы Самирхон алғашқы Олимпиадасына аттанбақшы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше жарыс күнінде Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.