Спорт

Тарих жасалды: Головкин Шереметамен жекпе-жегінен видеоүзінді жариялады

Тарих жасалды: Головкин Шереметамен жекпе-жегінен видеоүзінді жариялады

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Instagram-дағы өз парақшасында Польша боксшысы Камил Шереметамен (21-1, 5 КО) жекпе-жегінің үздік сәттерінен видео жариялады. «Тарих жасалды» - деп жазды GGG Шереметамен жекпе-жекке қатысты жазбасында. Сондай-ақ Г.Головкин айқастан кейінгі сәттері туралы фотолармен бөлісті. Еске сала кетсек, Головкин Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің салмақ дәрежесінде рекордтық 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап шықты. Бүгінде қазақстандық боксшының IBF және IBO титулдары бойынша белдіктері бар. Осы жекпе-жектен кейін Геннадий бүгін өтетін Сауль Альварес – Каллум Смит арасындағы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасуға ниет білдірді. inform.kz