Спорт

Теннистен әйелдер арасындағы маусым 5 қаңтарда басталады

Теннистен әйелдер арасындағы маусым 5 қаңтарда басталады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 2021 жылдың маусымашар турнирі қайда өтетінін жариялады.

Жылдың алғашқы бәсекесі 5-13 қаңтар аралығында Әбу-Дабиде өтеді. Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңі 10-13 қаңтарда Дубайда ұйымдастырылмақ. Ал 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Мельбурнде WTA-ның екі турнирі өтеді. Айта кетелік, бұған дейін Australian Open турнирінң 8-21 ақпан аралығында өтетінін белгілі болған. Турнирдің екінші аптасында WTA санатындағы тағы бір жарыс басталады. baq.kz