Спорт

«Тіпті мен ұялып кеттім». Жәнібек Әлімханұлы өзін мазақ қылған қарсыласына жауап берді

Ол жұдырықтасу кезінде оған аяушылық танытпайтынын айтты

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бокстан әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичтің бейнеролигіне жауап берді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласының жариялаған бейнежазбасының адамгершілікке жатпайтынын алға тартып, екеуара келісім-шартқа сәйкес шаршы алаңда кездескенде оған аяушылық танытпайтынын ескертті.