Спорт

«Трансфер құны–180 миллион еуро»: Мбаппе жаңа клубқа ауысты

Енді Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» сапында ойнайды

ПСЖ футбол клубының шабуылшысы 25 жастағы Килиан Мбаппе испаниялық «Реал Мадрид» клубына ресми түрде ауысты. Бұл туралы танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо X парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Килиан Мбаппе -  әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі. Оның трансферлік құны – 180 миллион еуро. Ресми дерек бойынша, атақты «Реал Мадрид» футболшының барлық талабын орындап, тараптар ортақ келісімге келіп, келісімшартқа қол қойған. Бұл келісімшарт 2029 жылға дейін жасалып отыр.

Клубқа футболшыны таныстыру рәсімі келесі аптада өтеді деп жоспарланып 

Еске салайық, Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. ПСЖ сапындағы соңғы маусымында ол 48 ойында 44 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.