жұма, 12 желтоқсан, 2025 17:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық шорттрекшілердің есімдері белгілі болды

Қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық шорттрекшілердің есімдері белгілі болды
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылардың есімдері биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы бойынша анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9 Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Бас бапкер Петр Гамидов пен ұлттық құрама бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды.

Лицензия бойынша ақпарат:

2000 м (микст) – 1 лицензия

Ерлер:

500 м – 2 лицензия

1000 м – 1 лицензия

Әйелдер:

500 м – 2 лицензия

1000 м – 1 лицензия

1500 м – 2 лицензия

Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі лицензия жеңіп алған еді. Осылайша, Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны 6-ға жетіп, ел қоржынына жалпы 11 лицензия түсті.

Олимпиада жолдамаларының нақты саны 2026 жылғы қаңтардың соңында белгілі болады.

XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар