Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және Ресейдің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік команданың қазан айындағы үздік гол авторы атанды.
ЦСКА клубының Twitter парақшасында хабарланғандай, жанкүйерлер Бактиер Зайнутдиновтың 3 қазанда сырт алаңда «Урал» командасымен өткен ойында соққан голын қазан айының үздігі деп таныған.
Айта кетейік, қазіргі таңда ЦСКА командасы Ресей чемпионатында 32 ұпаймен көш бастап келеді. Жексенбі күні 15-турда Мәскеуде ЦСКА «Сочи» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұған дейін жарақат алып қалған Бактиер Зайнутдинов осы кездесуді толық өткізіп шықты. Бұл оның мәскеулік клуб құрамындағы 11-матчы еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Еңбек құқықтары өз деңгейінде қорғалуы тиіс
Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024