сенбі, 23 қараша, 2024 6:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүлде қоры – 54,5 миллион доллар

Жүлде қоры – 54,5 миллион доллар
ашық дереккөзі
Жүлде қоры – 54,5 миллион доллар

Келесі жылдың ақпан айында Мельбурнде өтетін теннисшілердің Аустралияның ашық біріншілігінің жүлде қоры 54,5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жоғарыдағы ақпаратты айтулы жарысты ұйымдастыру­шы­лар өздерінің ресми сайтында жария етіп отыр. «Күллі әлемді жайлаған панде­мия көп­те­ген қолайсыздық туындатып отырғанына қарамастан, біз жүлде қорын былтырғы мөлшерден төмендетпеуге барынша күш салдық. Сонымен қоса тағы бір жақсы жаңалығымыз бар. Мәселен, 2021 жылы өтетін турнирде алғашқы айналымда сүрінген теннисшілердің әрқайсысына 76 мың доллардан табыс етіледі. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық сома және де іріктеу турниріне қатысатындардың да сыйақы мөлшері көбейеді. Бұл – әлемдік рейтингте төменгі орындарға жайғасқан ойыншыларды қолдау мақсатында қолға алынып отырған шара» делінген сайтта.

Естеріңізге сала кетейік, Аустралияның ашық біріншілігі 1905 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биылғы жарыста ерлер арасында сербиялық Новак Джокович жеңімпаз атанса, әйелдер сайысында америкалық София Кенинге тең келер ешкім болмады.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар