International Boxing Federation (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков хабарлады.
Оның айтуынша, 10 наурыз күні кешке федерацияға IBF ұйымының ресми шешімі келген.
«Бүгін бір сағат бұрын IBF шешімі келді. IBF ұйымының қатал ережелері бар, хатында соған сілтеме жасалған. Хатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетіледі. Сондай-ақ, ережелер бойынша әрбір чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни Жәнібек оны 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы қажет», — деді Рахымжан Ерденбеков.
Федерация басшысы бұл жағдай Жәнібек Әлімханұлының командасы үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Сонымен қатар олар бұл шешімге апелляция беруге құқылы.
Рахымжан Ерденбеков боксшының биыл қайтадан үлкен рингке оралып, жақын уақытта әлемнің төрт чемпиондық белдігіне таласа алады деген үміт бар екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 наурыз, 2026






