Спорт

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды

IBF ережесіне сәйкес, чемпион өз белдігін тоғыз ай (2026 жылдың 4 шілдесіне дейін) ішінде қорғауы тиіс.

International Boxing Federation (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков хабарлады.

Оның айтуынша, 10 наурыз күні кешке федерацияға IBF ұйымының ресми шешімі келген.

Федерация басшысы бұл жағдай Жәнібек Әлімханұлының командасы үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Сонымен қатар олар бұл шешімге апелляция беруге құқылы.

Рахымжан Ерденбеков боксшының биыл қайтадан үлкен рингке оралып, жақын уақытта әлемнің төрт чемпиондық белдігіне таласа алады деген үміт бар екенін жеткізді.