Спорт
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне екі апта қалғанда қарсыласы ауысып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2020
- 254
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне екі апта қалғанда қарсыласы ауысып кетті
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі кездесудегі қарсыласы ауысып кетті.
Отандасымыз 9 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында (Невада штаты, АҚШ) The Bubble аренасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде шаршы алаңға шығу керек. Әлімханұлының қарсыласы рейтингте үздік 15-тің қатарында болған боксшы болуы керек еді. Бірақ ол қарсылас жарақат алып қалыпты.
"Жаттығу жалғасып жатыр. Өкінішке орай, қарсылас ауысып жатыр. Топ 15-тегі солақай қарсылас жаттығуда жарақат алыпты. Бүгін хабарлады. Промоутер 2-3 күнде жаңа қарсыластың есімін айтады. Бұл жолғысы өткендегісінен мықты әрі атақты болады деп сенеміз. Әрине жекпе-жекке аз қалғанда қарсыластың ауысқаны жақсы емес. Дегенмен біз кез-келгеніне дайынбыз", - деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға қараша айында Фресно қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) шаршы алаңға шығып, канадалық Альберт Онолунсені жеңіп, WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.
Негізі ол шаршы алаңға наурыз айында Квебек (Канада) қаласында ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) кездесуі керек еді. Бірақ бұл шоу коронавирусқа байланысты өтпей қалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Спорт
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024