сенбі, 5 қазан, 2024 18:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жәнібектің жарқын жеңісі

Жәнібектің жарқын жеңісі
ашық дереккөзі
Жәнібектің жарқын жеңісі
Орта салмақтағы қазақстандық кә­сіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, аргентиналық қарсыласын екінші раунд­та сұлатып салды.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты) The Bubble спорт кешенінде өткен кездесу 10 раундқа жоспарланған бола­тын. Алайда аргентиналық боксшы Гон­сало Корию (16-3, 6 КО) жерлесіміздің жойқын қимылына төтеп бере алмай, екінші раундта Жәнібектің ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады. Бірін­ші раундта Жәнібек қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін де айта кетейік. Мұхиттың арғы бетінде жұдырықтасып жүрген Жәнібек Әлімханұлы осымен кәсіп­қой бокста тоғызыншы мәрте жеңіске жетіп, бесінші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл жеңісінен кейін ол орта салмақтағы әлемдік рейтингте 7 саты жоғарылап, 23-орын­ға тұрақтады.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар