«Жүрек талмасы ұстаған»: бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев ауруханаға жеткізілді
Оның Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін жүрек талмасы ұстаған.
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін жүрек салмасы ұстап қалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
The Guardian жазуынша, бейсенбіде Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған соң, 41 жастағы Толқын Қылышев пен оның командасы рингтен оралып, жаттығу залында тойлап жатқанда бас бапкердің жүрек талмасы ұстаған.
Дәл сол кезде Ұлыбритания бокс құрамасының дәрігерлері Хардж Сингх пен Робби Лиллис оған алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен.
Қылышев ауруханаға жеткізілді.