Спорт

«Жақын арада шешім қабылданады». Облыс әкімі қарызға батқан «Тараз» футбол клубының мәселесіне қатысты пікір білдірді

Облыстық мәслихаттың 10-шы сессиясында депутат Мейрамбек Дөненбаев келешегіне берешегі кедергі болып тұрған спорт клубының мәселесін көтеріп, мекемені қарызға батырған басшылар жауапкершілікке тарту жөнінде сұрады, деп жазады jambylinfo.kz

Мейрамбек Дөненбавтың сөзінше, аталған мекеменің кредиторлық берешегі аз емес. Салынған айыппұл көлемі 140 миллион теңге. Биыл клубты күтіп ұстауға  680 миллион теңге қаралып отыр. Ал қарызды өтеуге бюджет тапшылығы 300 миллион шамасында дейді депутат.  Алдағы премьер лигаға шығу үшін «Тараз» футбол клубының берешегі болмауы керек. Әйтпесе жергілікті спортшылардың жолы кесілуі мүмкін. Осы орайда депутат аталған мекемені аяққа тұрғызу қалай іске асып жатқанын сұрады

Сауалға жауап берген облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдасбеков құзырлы орган тексеріс жүргізгенімен, Тараз футбол клубын қарызға батырған тұлға жауапкершілікке тартылмағанын, тексеріс жөніндей анықтама да жоқтығын айтты. Бұл мәселеге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пікір білдірді