Жамбылдық Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды
Спортшы аргентиналық Дебора Анахи Лопеспен (21-2-1) жұдырықтасты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Бангкок қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша отандасымыз IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Спортшы аргентиналық Дебора Анахи Лопеспен (21-2-1) жұдырықтасты. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді. Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.
Айта кетейік, бұған дейін Ангелина Лукас WIBF және WBF белбеулерін жеңіп алған еді.